Ленин шахтасында 10 жылға жететін көмір қоры бар – Жеңіс Қасымбек

818

Төтенше жағдайға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің барлық сегіз шахтасының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Ленин шахтасында 10 жылға жететін көмір қоры бар – Жеңіс Қасымбек Фото: egemen.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек апат жиі тіркелетін Ленин атындағы шахта жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шахта консервацияланбайды. Мұндағы жұмыстар комиссия жұмыс істеп тұрған кезде ғана тоқтап тұрады. Апат себептері анықталғаннан кейін және салдары жойылғаннан кейін шахта әрі қарай жұмыс істей береді", – деді ол.

Сондай-ақ өңір басшысы аталған шахтаның "ресурсы аяқталуға жақын" деген мәліметтерді жоққа шығарды.

"Шахтаның ресурсы деген ұғым жоқ. Егер қазуға болатын көмір болса, көмір қоры жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұрса, бүкіл көлем толық қазып алынғанша шахта жұмыс істей береді. Мамандардың дерегі бойынша, бүгінде бұл шахтадан 10 млн тоннаға дейін көмір қазып алуға болады. Орта есеппен жыл сайын 1 млн тонна көмір қазып алады десек, 10 жылдың жұмысы бар деген сөз. Оның өзінде қосымша қатпарларды барлап, игермейтін болса осындай мерзім бойы жұмыс істейді", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу