Леонардо Ди Каприо: Қазақстан жоғалған жолбарыстарды Орталық Азияға қайтаратын тұңғыш ел

899

Леонардо Ди Каприо: Қазақстан жоғалған жолбарыстарды Орталық Азияға қайтаратын тұңғыш ел

Америкалық атақты актер Леонардо Ди Каприо өзінің әлеуметтік парақшасында Тұран жолбарысын тарихи орны - бертінге дейін тіршілік еткен  Іле-Балқаш аймағына қайтару туралы Қазақстанның WWF Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен бірлескен бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан WWF-пен қол қойған меморандумға сәйкес, жоба жүзеге асса біздің еліміз бұрын құрып кеткен жолбарысты тарихи орнына қайтарған тұңғыш мемлекет болмақ. Бағдарламаның уақытша кестесіне сәйкес, Қазақстанға жолбарыстарды жеткізу жұмысы 2027 жылға қарай жүзеге асырылады. Оған дейін жабайы аң мекендейтін резерваттар дайын болады. "Сіздер естідіңіздер ме? Қазақстан жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен жабайы жолбарыстарды Орталық Азияға қайтаратын тұңғыш ел болмақ", - деп жазды голливуд актері өзінің Инстаграм парақшасында.

Бұған дейін шетелдік БАҚ жазғандай, Леонардо Ди Каприоның қоры қыркүйек айында табиғатты қорғау үшін 20 млн АҚШ долларын бөлген. Өзінің бұл жұмыстағы белсенділігі үшін актер БҰҰ-ның климат бойынша әлемдік елшісі болып тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу