Ли Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартпайды

1128

Ли Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартпайды

Бұрынғы әлем чемпионы, ирландиялық Энди Ли Головкинмен кездесу үшін мықты бір қарсыласпен жұдырықтасу керектігін мәлімдеді. Бұл туралы  Sports.kz сілтеме жасап  "ҚазАқпарат" хабарлайды.

"Рингке қайта оралу үшін, ең алдымен, үздік жиырмалыққа енетін мықты боксшымен жекпе-жекке түсуім керек. Мәселен, WBC рейтингінде бірінші орында тұрған Хорхе Себастьян Хейландпен айқасқа түсу мүмкіндігі бар. Ол екі жыл бұрын Мэтью Маклинді сабаған боксшы. Бұл мен үшін өте маңызды кездесу, себебі бұл жекпе-жектен кейін Геннадий Головкинмен чемпиондық белдік үшін таласқа түсемін деп үміттенемін", – деді Ли. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу