"Лицензиясынан айырамын": Павлодарда 28 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

358

Күрделі жөндеу әлі бітпеген.

"Лицензиясынан айырамын": Павлодарда 28 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Жауапты ведомство 25 тамызға дейін аяқтаймыз, деп отыр. Әйтсе де, өңірдегі 3 білім ұясындағы жұмыстың бірінші қыркүйекке дейін бітуі күмән тудырады. Мектептер дайын болмаған жағдайда облыс әкімі мердігерлерді лицензиясынан айырамын, дейді.

Бұл Павлодар қаласындағы атышулы №5 мектеп. "Аты шулы", дейтініміз былтыр да 145 млн теңгеге осы мекеменің шатыры мен қасбеті ауыстырылып, сабақ басталғанда әзер біткен. Биыл тағы 271 млн теңге бөлініп, оған ішкі жөндеуі, акт және спорт залы сондай-ақ сыртқы қоршауы жасалып жатыр. Мұндағы жұмыстарды екі мердігер қолға алған.    

"Мұнда бізге қарасты жұмыстар: ішкі қабырға, әрлеу сырлау жұмыстары, жылу, электричество және канализация. Біз өзіміздің жұмыстың қазір 95% істедік, қазір 5% жұмыс қалды. "Азамат құрылысына" қатысты жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін бітіреміз деп отырмыз", - деді Мердігер компанияның өкілі Талғат Мелдеев.

Биыл Павлодар облысында 33 мектепке күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Оған облыстық қазынадан 6 млрд теңге жұмсалды. Білім беру басқармасының дерегінше, қазір 5 білім ошағында жөндеу аяқталған. Қалғандарында жалғасып жатыр. Соның ішінде жоғарыда айтып өткен Павлодардағы бесінші мектеп, Хмельницкий мен Жаңа-Aуыл елді мекендеріндегі білім ошақтары бар.

"Бұл жерде бірақ мәселе туындауы мүмкін Хмельницкий мектебіне қатысты даладағы спорт алаңдары уақытылы бірінші қыркүйекте тапсырмай қалуы ықтимал. Жаңа-Ауыл мектебінде күрделі жұмыс уақытылы аяқтайды деп білеміз. Бесінші мектепке қатысты, бесінші мектепте бүгінгі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

Айта кетерлігі, былтыр да Павлодар облысында бірнеше мектепте жөндеу оқу жылы басталғанша бітпей, оқушылар мәдениет үйінде сабақ оқыған. Тіпті, Сарышығанақ елдімекені мектебінде жауапсыз мердігердің кесірінен жұмыстар биылғы сәуірге дейін созылды. Осы жылы да соның кебін киіп жүрмесе болғаны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу