Лифт бөлшектерін өткіземін деп тұтылды

764

Ресейлік кәсіпорында істеген азамат кінәсін толық мойындаған.

Лифт бөлшектерін өткіземін деп тұтылды

Байқоңыр қаласында қазақстандық азамат қызмет бабын пайдаланып 2 тоннадан асатын метал бөлшектерін сатып жіберген. Бұл туралы Байқоңыр кешенінің прокуратурасы хабарлады.

Ол жабық қалада "Тұрғын үй шаруашылығы" мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның лифтілерді пайдалану қызметі қоймасы меңгерушісінің міндетін атқарушы болып жұмыс істепті.

Өзіне сеніп тапсырылған лифттерді ол бөлшектеп, қара металл сынықтарын сатып алатын орынға өткізіп жіберген коммуналдық қызметкер қолымен істегенін енді мойнымен көтермек. Кінәсін анықтаған ресейлік гарнизондық сот оны қазақстандық қалалық сотқа тапсыратындарын айтады.

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның Қазақстан Республикасының азаматы болуына байланысты, оған қатысты қылмыстық істі кешеннің прокуратурасы одан әрі қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қазақстандық құқық қорғау органдарына жіберді", - деп хабарлады прокуратурадан.

Енді еліміздің заңы бойынша оған мүлкін тәркілеп, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу