"Лифтіде төбелес шығарған": Қызылордада пранк жасаған тұрғынға айыппұл салынды

128

Полиция мұндай "әзілдерге" жол берілмейтінін ескертеді.    

"Лифтіде төбелес шығарған": Қызылордада пранк жасаған тұрғынға айыппұл салынды Фото: Видеодан скриншот

Қызылорда облысында лифт ішінде пранк жасаған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішінде болған жанжал бейнеленген видеоны анықтады. Бейнежазбадан азаматтың танысымен бірге лифт ішінде сөзге келіп, арты төбелеске ұласқанын байқауға болады.

Олардың бұл әрекеті лифтте болған басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Алайда бейнежазбаның соңында жанжалға қатысушылар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының 20 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Сот шешімімен азаматқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Полиция мұндай "әзілдерге" жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады", – делінген Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу