Лифтте 5 жасар балаға шабуылдаған жасөспірім мәжбүрлі түрде емделуге жіберілуі мүмкін

163

Лифтіде пышақ жарақатын алған балаға қатысты алдын ала сот отырысы өтті.  

Лифтте 5 жасар балаға шабуылдаған жасөспірім мәжбүрлі түрде емделуге жіберілуі мүмкін Фото: Бейнежазбадан скрин

Таяуда басты сот процесі басталады. Бұл жаңалықты жәбірленушінің адвокаты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, айыпталушы жасөспірім қазір Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада жатыр.

Сот оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қарастырмақ. Ал жәбірленушінің анасы келешекте мұндай оқиға қайталанбас үшін айыпталушыны оқшаулауды талап етіп отыр.

Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол реабилитациядан өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу