Ресейдің Сургут қаласында лифт ішінде тұрған жас қыздың сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып кетті. Оқиға салдарынан өрт пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оқиға Сургут қаласындағы Крылов көшесінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан қыздың лифтке кірген бойда сөмкесінен түтін шыға бастайғанын, артынша жалын пайда болғанын көруге болады. Кейін оның телефон қуаттағыш құрылғы екені айтылды.
Басылымның жазуынша, төтенше жағдай бойынша 112 нөміріне хабарлама түспеген. Оқиғаның өзі әлеуметтік желілерді мониторинг жасау кезінде анықталды. Ведомство басқарушы компаниямен байланысқа шыққан. Бойжеткенге медициналық көмек қажет болмаған.