Linde компаниясы Теміртаудағы құрылғы құрылысына 70 миллион еуро салмақ

685

Linde компаниясы Теміртаудағы құрылғы құрылысына 70 миллион еуро салмақ

"Арселор Миттал Теміртау" базасындағы Linde Gas ЖШС цехында ауабөлгіш құрылғы құрылысы басталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл Теміртаудағы осындай екінші құрылғы болмақ. Алғашқысы 2013 жылы пайдалануға берілген еді. Құрылғы ауаны сұйықтық және газ түрінде таза оттекке, аргонға және азотқа айналдырады. Бұл газдар "Арселор Миттал Теміртауда" құрыш өндірісіне қажет, сонымен қатар ол Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжанға экспортталады.

"Жаңа құрылғы таза оттек, аргон және азотты өндіреді. Ол "Арселор Миттал Теміртауда" құрыш өндірісінің көлемін арттыру үшін қажет. Linde компаниясы құрылыс жұмыстарына 70 млн евро бөлмек. Бұл инвестициялар – компанияның жеке қаржысы. Өндірісті 2019-шы жылдың соңында бастамақ ниеттеміз. Құрылыс жұмыстарына шамамен 70 адам тартылады, кейін тағы 5 жұмыс орын болады. Өндіріс толылығымен автоматтандырылған және адамның белсенді қатысуын талап етпейді", - дейді Linde Gas Kazakhstan ЖШС бас директоры Батыржан Тергеусізов.

Өндіріс газын өндіру экология үшін қауіпсіз, себебі ауаға зиянды заттарды шығармайды.

Капсуланы салу салтанатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров сөз сөйледі.

"Бұл зауыттың құрылысы инвестиция тұрғысынан біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Бұл шамамен 70 млн евро – ол біздің мемлекет тарапынан ешқандай да қаржылық кепілдіксіз қарыз емес. Сонымен қатар, Linde компаниясының зауытын кеңейту – бұл шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанға инвестиция құю тиімді екенідігінің көрсеткіші",-деді ол.

Айта кетсек, Linde компаниясын XIX-шы ғасырдың соңында ауадан техникалық газ өндіру технологиясын ойлап тапқан ғалым әрі инженер Карл фон Линде құрған. Бүгінде Linde Group AG – транс-ұлттық корпорация, ол өндірістік газ өндірісінің инжиниригілеу мен дамыту саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу