"Linkedin" Қазақстан тарабының талабын орындады

856

Заңсыз контентті алып тастады.

"Linkedin" Қазақстан тарабының талабын орындады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Linkedin" компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство заң талаптарын бұзғаны үшін linkedin.com интернет-ресурсының қызметін шектеген еді.

""Linkedin" сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып,  Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады. Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен linkedin.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды",– дейді министрліктен.

"Linkedin" компаниясының өкілдерімен қос тараптың тиімді ынтымақтастығын одан ары жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу