Лионель Месси 100-голын соқты

803

Лионель Месси 100-голын соқты

"Барселона" өз алаңында "Олимпиакосты" жеңді. Испаниялақ "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси UEFA аясында өтетін турнирлерде 100-голын соқты, деп хабарлайды 24.kz.

Кеше "Барселона" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында грекиялық "Олимпиакосты" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Аргентиналық шабуылшы 61 минутта көзген түсті. Осылайша 30 жастағы шабуылшы Еурокубоктердегі 100 голын соқты. Оның 97 Чемпиондар лигасында соқса, 3 голды Месси Еуропа Суперкубогінде салған.

UEFA аясында клубтық деңгейде ең көп гол соққан футболшылар арасында көш басында мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду келеді. Ол 113 гол соққан. Үздік үштікті 77 гол соққан "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Рауль түйіндеп тұр. Айта кетейік, клубтың деңгейдегі UEFA аясындағы голдарды есептегенде xемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, UEFA Суперкубогі және Интертото кубогінде соғылған голдар есепке алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу