Литва Украинаға 125 миллион еуроға қару жарақ пен жауынгерлік техника береді

437

Литва Украина үшін 125 миллион еуроға "әскери көмек пакетін" дайындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.  

Литва Украинаға 125 миллион еуроға қару жарақ пен жауынгерлік техника береді Фото: dcdn.lt

Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускастың айтуынша, УӘК-ке екі Ми-8 тікұшағы, Bofors L-70 зениттік шағын калибрлі зеңбіректері мен оларға оқ-дәрілер беріледі.

Әскери көмек президент Гитанас Науседаның бұйрығымен дайындалды. Ол Львовқа сапары кезінде "Люблин үшбұрышы" - Польша, Украина мен Литва басшыларының кеңестеріне қатысып, қол ұшын созатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу