Ливандағы тарихи нысандар қирап қалды

133

Израильдің Ливанға шабуылы кезінде ЮНЕСКО тізіміндегі бірқатар тарихи нысанға зақым келді.  

Ливандағы тарихи нысандар қирап қалды Фото: nytimes.com

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне кезекті рет әуе соққыларын жасап, қолданыстағы бітім келісімін тағы да бұзды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зардап шеккен қалалардың қатарында Тир мен Набатия бар. Ливан мәдениет министрі Гассан Саламе орта ғасырдан бері келе жатқан базарлар мен шекара маңындағы ескі шаһарлардың тас-талқаны шыққанын хабарлады. Израиль басып алған аумақта ортағасырлық Бофорт қамалы бар.

Еврей билігі: "Онда "Хезболла" қару сақтап отыр", – дейді.

Бірақ Ливан бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері жалғасып жатқан әскери операциялар кезінде елде кемінде 4246 адам қаза тауып, 12 190 адам жараланған. Сонымен қатар бір миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап, ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу