"Ливерпуль" клубы сатылымға шығарылды

590

Америкалық FSG компаниясы "Ливерпуль" клубын сатылымға шығарды.  

"Ливерпуль" клубы сатылымға шығарылды Фото: news.sportbox.ru

Клубтың иелері команданың стадионы "Энфилдті" қайта құру мен жаңғыртуға 218 млн доллар инвестициялаған.

The Athletic басылымының хабарлауынша, клубқа иелік ететін Fenway Sports Group компаниясы команданы сатып алғысы келетін инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын отыр. Компания инвесторлар үшін клуб туралы таныстыру материалдарын әзірледі. Клубты сатуға Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері көмектеседі.

Басылымның мәліметіне қарағанда, клубтың иелері команданың стадионы "Энфилдті" қайта құру мен жаңғыртуға 218 млн доллар инвестициялаған. Сонымен бірге Кирбиде 57,4 млн долларға жаңа жаттығу алаңын салған.

Fenway Sports Group 2010 жылдан бері "Ливерпульге" иелік етеді. Команда осы компанияның иелігінде 30 жыл ішінде алғаш рет ағылшын премьер лигасының (АПЛ) чемпионы атанып, Еуропа чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

Қазір "Ливерпуль" ағылшын премьер лигасында 13-турдан кейін 19 ұпаймен 13-орында келе жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу