Ливия мен Ирактағы мұнай өндірісінің іркілуінен шикізат қымбаттады

1135

Эталон маркалық мұнай құны қайтадан өсім керсете бастады.

Ливия мен Ирактағы мұнай өндірісінің іркілуінен шикізат қымбаттады

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 65 доллардан асып кетті. Өйткені Ирак пен Ливиядағы "қара алтын" өндірісі іркіліп отыр. Ливиядағы өндіріс мүлдем тоқтаған, өйткені қарулы күштер құбыр желісін жауып тастаған. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 1,8% қымбаттап, 66 доллар болды.     Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 2% көтеріліп, баррелі 59,73 долларды құрады.

Samsung Futures Inc. сарапшысы Ким Кванграның айтуынша, ОПЕК-ке мүше емес елдердегі мұнай өндірісі артса да, әзірге геосаяси қатерлер нарыққа әсер ететін болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу