Лондон Еуропаның шығысындағы әскери контингентін ұлғайтуы мүмкін

1018

НАТО-ға мүше мемлекеттер де Шығыс Еуропа елдерінде өз контингентін орналастыру мәселесін талқылады.

Лондон Еуропаның шығысындағы әскери контингентін ұлғайтуы мүмкін

Ұлыбритания үкіметі Ресей Федерациясы мен Украина шекарасындағы шиеленіс кезінде Шығыс Еуропа елдеріндегі әскери контингентін көбейту мүмкіндігін қарастыруда. Times газетінің дерегінше, ресми Лондон Латвия, Литва, Польша немесе Эстонияға жүздеген әскериін жіберуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар НАТО-ға мүше мемлекеттер де Шығыс Еуропа елдерінде өз контингентін орналастыру мәселесін талқылады. 

Қазіргі уақытта Ұлыбритания НАТО-ның Эстониядағы 1,2 мың адамнан тұратын батальонына басшылық етеді. Олардың 830-ы – корольдіктің азаматтары. АҚШ-тың басқаруындағы Польшадағы батальонның құрамында 140 британиялық әскери бар. НАТО батальондарын Латвия, Литва, Эстония және Польшаға орналастыру туралы шешім 2016 жылы Варшавада өткен ұйымның саммитінде қабылданды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу