Лондон мен Франкфурттан ұшатын қазақстандықтар қиындыққа тап болуы мүмкін

594

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Лондон мен Франкфурттан ұшатын қазақстандықтар қиындыққа тап болуы мүмкін Фото: Tripadvisor

Әуе тасымалдаушының жолаушыларға арналған хабарламасындағы https://web.telegram.org/z/#-1472498499 ақпаратқа сәйкес  2022 жылдың 23-нен 30 желтоқсанына дейін Heathrow (Хитроу) әуе жайына ұшып келген кезде паспорт бақылауынан өту мерзімі ұлғаяды. Оған, Ұлыбритания әуежайларындағы шекара қызметі қызметкерлерінің ереуілге шығуы себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, Франкфурт әуежайында жүктерді беру кешеуілдеуі мүмкін, өйткені әуежайда жүктерді рәсімдейтін қызметкерлер жетіспейді.

"Өткен аптадан бері халықаралық әуе компаниялар жолаушыларының 5000 дана жүгі берілуін күтіп тұр. Air Astana әуекомпания жолаушыларының жүгі мүмкіндігінше қысқа уақытта берілуіне бар күшін салуда", делінген әуе тасымалдаушының хабарламасында.

Жүкке қатысты өтінішті әуе компанияның сайтында қалдыруға кеңес берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу