Лондондағы мешітте криптовалютамен көлемді садақа жиналды

634

Лондондағы мешітте криптовалютамен көлемді садақа жиналды

Лондон мешіті Рамазан айында криптовалюта түрінде үлкен көлемде садақа жиып, Ұлыбританияда көш бастады, деп хабарлайды Ansar.ru-ға сілтемемен kazislam.kz.

Шэклвелл Лэйн деп аталатын мешіт Рамазан айы қарсаңында садақаны биткоин мен этериум түрінде қабылдайтынын хабарлаған болатын. Мешіт өкілі Эркин Гуней бұл қаражаттар мешіттің жөндеу жұмыстарына,мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ, аудандағы үйсіз жүргендерге көмек көрсетуге жұмсалатынын жеткізді.

Рамазан бойы құлшылық үйінде ірі көлемде криптовалюта қаржысы жиылған – 13 983 фунт стерлинг. Ал салыстыру үшін айтсақ, қолма-қол садақа көлемі 3 460 фунт болған.

Түрік диаспорасы басқаратын мешіт алғашқы кезде криптовалюта түрінде садақа қабылдағаны үшін біраз сын да естіді. Мәселен, көптеген ислам ғалымдары бұл қаражат түрін дұрыс деп есептемейді. Бұл қатарда Египет жоғары мүфтиі, сондай-ақ, Египеттің дін істері министрлігі де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу