Бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалған жоқ, қозғалыс қалыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазір жолаушылар ағыны LRT-ны іске қосқаннан бері екі есе азайды. Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүреді. Сол себепті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Өйткені кейбір әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді CTS Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Айта кетейік, LRT желісінде жолаушылар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзудың жекелеген жағдайлары тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу