LRT іске қосылғаннан кейін Астанада жылжымайтын мүлік бағасы өсе ме?

359

 LRT немесе метро бар жерде жылжымайтын мүлік қымбаттайды. 

LRT іске қосылғаннан кейін Астанада жылжымайтын мүлік бағасы өсе ме? Фото: gov.kz

Астанада LRT іске қосылғаннан кейін станциялар маңындағы жылжымайтын мүлік бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевқа сілтеме жасап. 

Дүйсебаевтың айтуынша, LRT желілері салынған аймақтарда жылжымайтын мүлік бағасының өсуі әлемдік тәжірибеде жиі кездеседі.

"Бұл — экономиканың заңы. LRT немесе метро бар жерде жылжымайтын мүлік қымбаттайды. Мысалы, Қытайда бір компания далаға LRT салып, кейін соның маңындағы жер телімдерін сатып, табыс тауып отыр", — деді ол. Сонымен қатар ол жеңіл рельсті көліктің іске қосылуы Астананың іскерлік және туристік тартымдылығына да оң әсер ететінін айтты.

"LRT арқылы қаланың әдемі көрінісі ашылады. Бұл елорданың ғана емес, Қазақстанның да имиджіне оң ықпал етеді. Қазақстанда осындай жобаның жүзеге асып, іске қосылып жатқанына мақтана аламыз деп ойлаймын", — деді Асылбек Дүйсебаев.

Айта кетейік, 12 мамыр күні LRT вагондары журналистерге таныстырылды. Ал жолаушылар үшін желіні 16–17 мамырда ашу жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу