LRT құрылысына 10 жылда қанша қаржы жұмсалғаны айтылды

Мұндай статистикалық мәліметті CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мысалға келтірді. 

LRT құрылысына 10 жылда қанша қаржы жұмсалғаны айтылды Фото: ЖИ

Оның сөзінше, 2016 жылы бекітілген келісімшартқа сай жобаның жалпы құны 1,8 млрд доллар болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында Есіл өзені арқылы ұзындығы 155 метр болатын аспалы көпір салынған еді. Көпірдің ені 14 метр болса, биіктігі – 28 метр. Арка үлгісіндегі бұл құрылым Астананың жаңа инженерлік нысандарының біріне айналатыны анық.

"LRT жүйесінде барлығы 18 станса қарастырылған. Оның 11-і – жердегі, ал 7-еуі – жер үсті стансасы. Бір пойыз құрамының ұзындығы – 60 метр. Ал биіктігі – 3,8 метр, ені – 2 ,8 метр. – Жобаның құны 2016 жылы бекітіліп, 1,8 млрд доллар болып белгіленген. Бүгінге дейін жоба құны өзгерген жоқ. Соған қарамастан, техникалық сипаттамалар жетілдіріліп, пойыздардың моделі мен дизайны жаңартылды. Сонымен бірге LRT желісі бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілді", – деді Асылбек Дүйсебаев.

Жалпы, LRT желісіне барлығы 19 пойыз қарастырылған. Оның 15 пойызы күнделікті жолаушы тасымалына шықса, 4 пойыз резервте тұрады. Сондай-ақ, пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жетеді. Тиісінше, ең жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырым болмақ.

Бұған дейін Астанадағы LRT осы аптада іске қосылатынын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу