LRT құрылысына байланысты Алматыда Момышұлы көшесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі

162

Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады.  

LRT құрылысына байланысты Алматыда Момышұлы көшесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі Фото: gov.kz

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыру аясында құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді. Сондай-ақ бейнебақылау камералары жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді. Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.

Еске салсақ, жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді.

Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу