LRT құрылысына желтоқсанда 30 млрд теңге бөлінеді – Алтай Көлгінов

694

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентін ұлықтау рәсімінен кейін LRT құрылысы туралы пікір білдірді.

LRT құрылысына желтоқсанда 30 млрд теңге бөлінеді – Алтай Көлгінов

"LRT туралы айтсақ, жұмыс басталып кетті. Бірінші транштың ақшасы бөлінді. Қазір инженерлік құранды бөлшектері мен арқалықтары орнатылып жатқанын көріп жүрсіздер. Қазір осының бәрі жүріп жатыр. Біздің міндет – LRT құрылысын аяқтау. Келесі жылдың болжамы бойынша астанада 1,5 млн адам тұратын болады. Бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Тағы 100 мың адам қосылатын шығар. Бас жоспар бойынша 5-6 жылдан кейін астанамызда 2 млн адам тұрады деген болжам бар", – деді әкім ҚР Президентін ұлықтау рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол аталған құрылысқа әлі 580 млн доллар керек екенін еске салды.

"Қытай консорциумымен Қазақстан тарапы арасында міндеттемелер мен келісімдерге қол қойылған. Енді құрылысты аяқтау ғана қалды. Тағы 580 млн доллар керек. Бірінші траншпен 20 млрд теңге бөлінген. Екінші транш аясында желтоқсан айында 30 млрд теңге бөлінеді. Келісім Қытай консорциумы мен Қазақстан арасында ғана жасалған. Басқа келісімдер жоқ. Қазақстан тарапы тапсырыс беруші болып отыр", – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу