ЛРТ-нің бір пойызы бір мезетте 650 адамды таси алады

104

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, ЛРТ паркінде 19 жылжымалы құрам бар.  

ЛРТ-нің бір пойызы бір мезетте 650 адамды таси алады Фото: gov.kz

ЛРТ-нің бір құрамы бір мезетте 650 жолаушы тасымалдай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

Бір құрамға 4 вагон тіркелген. Осы 19 құрамның 15-і күнделікті желіге шығып, халыққа қызмет көрсетсе, қалған төртеуі резервте тұрады. 

– Құрамдардың арасындағы қозғалыс интервалы 5-10 минут шамасында жоспарланды. Стансалар арасындағы болжамды жүру уақыты 1,5 минуттан 3 минутқа дейін, – деп жазылған агенттік сауалына жолданған ресми жауапта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу