LRT пойыздары сынақ кезінде 80 км/сағ жылдамдыққа жетті

135

Астанада LRT желісінде сынақ жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

LRT пойыздары сынақ кезінде 80 км/сағ жылдамдыққа жетті Фото: © Sputnik / Санат Имангалиев

Қазіргі таңда "Әуежай" стансасынан "Нұрлы жол" стансасына дейінгі аралықта пойыздар мен инфрақұрылымға жоспарлы тексерістер жүргізілуде.

Сынақ барысында жылжымалы құрам жобада көрсетілген ең жоғары – 80 км/сағ жылдамдыққа дейін жетті. Бұл көрсеткіш жүйенің техникалық мүмкіндіктері талапқа сай екенін көрсетті.

Сонымен қатар, қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелері толық тексеріліп, олардың қалыпты режимде дұрыс жұмыс істейтіні расталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай сынақтар LRT желісінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды кезең болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу