Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық көлік кеңістігі бүгін ерекше мерекелік сахнаға айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
III Халықаралық клоундар фестивалі аясында өнерпаздар "Нұрлы жол" станциясынан "Бәйтерекке" дейін LRT пойызымен сапарлап, жолаушыларды қуантты.
Қоғамдық көліктің әдеттегі маршруты бұл жолы күлкі мен өнер тоғысқан шағын спектакльге айналып, балалар мен қалатұрғындары үшін нағыз мерекелік әсер қалыптастырды.
Фестивальге өнер әлемінде кеңінен танылған Мұтырғановтар отбасы, Қазақстанның әр өңірінен келген өнерпаздар, сондай-ақ Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресей елдерінен келетін шығармашылық ұжымдар қатысады.