LRT желісіндегі қар тазалау жұмыстары сынақ режимінде жүргізіліп жатыр

115

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

LRT желісіндегі қар тазалау жұмыстары сынақ режимінде жүргізіліп жатыр Фото: CTS

Елордада салынып жатқан LRT желісінде қар тазалау жұмыстары уақытша шектеулі тәртіппен атқарылуда. 

Компанияның мәліметінше, сынақ кезеңі аясында мердігер ұйымдармен бірлесіп эстакаданың техникалық жай-күйі күн сайын тексеріліп отыр. Қажет болған жағдайда қар мен мұз қатқан учаскелер қолмен тазаланады.

Қазіргі уақытта арнайы қар тазалайтын техниканы қолдану шектелген. Сонымен қатар, жаңбыр суын ағызу жүйесі әлі толық іске қосу сатысында екені айтылды.

Мамандардың айтуынша, сынақ жұмыстары аяқталып, LRT желісі тұрақты режимде іске қосылғаннан кейін жолдарды тазалау арнайы техника мен ауа ағыны жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу