Lufthansa Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

211

Бұл туралы Германияның авиакомпаниялар тобының баспасөз қызметі хабарлады.

Lufthansa Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты Фото: bloomberg.com

Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Lufthansa концерніне қарасты әуе компаниялары 24 қазанға дейін Абу-Даби, Амман, Бейрут, Даммам, Эр-Рияд, Эрбиль, Маскат және Тегеран әуежайларына ұшпайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Шектеулер Lufthansa, Austrian Airlines, Swiss, Brussels Airlines, ITA Airways, Edelweiss және Lufthansa Cargo компанияларының рейстеріне қатысты екені белгілі болды. Дубай мен Тель-Авивке бағытталған рейстер де аталған тасымалдаушылар үшін 31 мамырға дейін тоқтатылмақ. Lufthansa Cargo жүк рейстері Тель-Авивке, сондай-ақ Eurowings жолаушылар рейстері Тель-Авив, Бейрут және Эрбиль қалаларына 30 сәуірге дейін орындалмайды.

Air France әуе компаниясы Дубай мен Эр-Риядқа, сондай-ақ осы қалалардан ұшуды 31 наурызға дейін ұзартты. Тель-Авив пен Бейрутқа және ол жақтан ұшатын рейстер 4 сәуірге дейін тоқтатылады.

"Компания өз рейстерін уақытша тоқтата тұруды ұзартуға мәжбүр", – деп хабарлады әуе тасымалдаушы.

Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы Таяу Шығыста да, одан тыс аймақтарда да әуе қатынасының іркілісіне әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу