Lufthansa ұшқыштары ереуілге шықты

469

Жұма күні Германияда Lufthansa әуекомпаниясының жүздеген рейсі тоқтатылды. Ұшқыштар жалақы көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп, ереуілге шыққан, деп жазады inbusiness.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Lufthansa ұшқыштары ереуілге шықты

Осыған байланысты Франкфурт пен Мюнхенде 800-ге жуық рейсті тоқтатуға тура келген. Әуекомпания өкілдері бұл жағдай 100 мыңнан астам жолаушыға қолайсыздық туғызады деп отыр.

Әуекомпания аға ұшқыштарға 900 еуро көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылғаны жөнінде мәлімдеді. Бұл аға ұшқыштарға 5%-ға, жаңадан келген ұшқыштарға 18%-ға қосылатындығын білдіреді.

Бейсенбіде Vereinigung Cockpit одағының Lufthansa және Lufthansa Cargo-дағы мүшелерін 2 қыркүйекте Орталық Еуропа уақытымен сағат 00:01-ден 23:59-ға дейін ереуілге шақырғаны туралы айтылған. Кәсіподақ биыл жалақының 5,5%-ға көтерілуін, ал 2023 жылы инфляция деңгейінен автоматты түрде көтерілуін талап етіп жатыр. 

Айта кету керек, жазда көлік саласы қызметкерлерінің ереуілдері Еуропаның бірқатар елінде өткен.

Атап айтқанда, Ұлыбритания астанасындағы теміржол және метро қызметкерлері наразылығын білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу