Лукашенко Путинмен кездесу үшін тағы да Мәскеуге барады

571

Беларусь Президенті Александр Лукашенко алдағы күндері ресейлік әріптесі Владимир Путинмен "шешілген мәселелерді" талқылауды жоспарлап отыр. 

Лукашенко Путинмен кездесу үшін тағы да Мәскеуге барады Фото: РИА Новости

Бұл туралы оның Беларусь елшісі Дмитрий Крутпен кездесуі кезінде белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Александр Лукашенконың айтуынша, мемлекет басшылары "шешілмеген мәселелерді" талқылауды жоспарлап отыр.

"Мен екі ел арасындағы қатынастарда келіспеушіліктер мен шешілмеген мәселелер барын көріп отырмын. Кейде бюрократия кедергі жасайтыны бар. Бұған кім кінәлі? Ертең Мәскеуде кездесу барысында Ресей президенті Путин екеуіміз осы мәселелерді шешеміз", - деді ол.

Сонымен бірге Лукашенко Ресеймен тауар айналымы өскенін атап өтті.

"Жақында оң сальдоға шықтық – бұл қуантарлық жағдай. Яғни, сауда теңдестірілген", - деді Лукашенко.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь пен Ресей одақтас мемлекет құруда. Екі елдің көшбасшылары тұрақты негізде жеке кездесулер өткізеді. Соңғы рет Лукашенко Путинмен 9 мамырда Мәскеуде Жеңіс шеруінде кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу