Лукашенко шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды

3742

Беларуссия Президенті Александр Лукашенко елдің "Қылмыстық жауапкершілік жөніндегі кодексіне" өзгерістер енгізді.  

Лукашенко шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды Фото: president.gov.by

Жаңа заң аясындағы басты өзгеріс - өлім жазасы, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы. Ол мемлекетке сатқындық жасаған лауазымды және әскери қызметшілерге қолданылады. Онымен қоса, мемлекетке қарсы өзге де қылмыстар үшін 50 мыңға дейінгі базалық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, терроризмді насихаттау, қарулы күштер мен өзге де әскери құрылымдардың беделін түсіру және мемлекеттік құпияларды сақтау талаптарын орындамау сынды айыптар пайда болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу