М-38 тас жолы биыл ақылы болады

773

ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М-38 тас жолы биыл ақылы болады

Ұзындығы 464 км болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады. Павлодар облысында 3, Шығыс Қазақстан облысында 8 бақылау аркасы орнатылып, тестік режимде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады. Бұған дейін Павлодар – Омбы (РФ шекарасына дейін) жолы да ақылы болатыны хабарланған еді.

Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізілетін болады. Қытай халық республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

Жалпы, компания өкілдері өткізген қоғамдық тыңдау барысында ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады. Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникаларына жеңілдік қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу