М.Әшімбаев: Жаңа Конституцияның республикалық референдумда қабылдануы сыртқы сын-қатерлерге берілген жауаптардың бірі

127

Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың "Реформалар мәні–6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер" атты Turkistan газетінде жарияланған жаңа мақаласында айтылған.  

М.Әшімбаев: Жаңа Конституцияның республикалық референдумда қабылдануы сыртқы сын-қатерлерге берілген жауаптардың бірі Фото: akorda.kz/Cкриншот

Материалда Палата Спикері жаһандық әлемдік тәртіптегі өзгерістерді, халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасының қалыптасуын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтуға қалай ықпал ететінін талдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде президенттік реформалар жай ғана өзекті емес, олар жаһандық өзгерістер ағынының ажырамас бөлігіне айналды. Әлемдегі қуатты күш орталықтарының бұрынғы жүйесі әлсіреп, жаңа күштер қалыптасып келе жатқан кезеңде өз егемендігін бәрінен жоғары бағалайтын, біртұтас ұлт қана жаңа әлемде лайықты орнын таба алады. Біз геосаяси дауылға дайын екенімізді көрсеттік. Бұл біртұтас, Әділетті Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады", – деп жазады Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың толық нұсқасын сілтемеден оқуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу