Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай терминалы іске қосылды

1077

Орал қаласындағы әуежайдың аэровокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай терминалы іске қосылды

Әуежай құрылысына пайдаланылған шыны, керамикалық плиткалар, санфаянс және басқа да материалдар өз елімізде шығарылған. 

Халықаралық әуежай терминалын облыстық құрылыс компаниялары салған. Терминалдың аумағы 10 мың шаршы метр. Жолаушылардың орташа ағыны жылына 600 мың адамға жетеді. Әуежайдың жаңа терминалы IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) халықаралық стандарттарына сәйкес.

Айта кетерлігі, биыл наурыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Орал қаласындағы әуежайға Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу