Мәдениет министрі: Отставкаға кетуге дайынмын

1115

Ақтоты Райымқұлова, орынбасарының қылмысы сотта дәлелденсе, отставкаға кетуге  дайын, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мәдениет министрі: Отставкаға кетуге дайынмын

Мәдениет және спорт министрі бүгін журналистер сұрағына жауап беру барысында осылай деді. Еске салсақ, ақпан айында вице-министр Сәкен Мұсайбеков қамауға алынған. Қазір оған қатысты Сыбайлас және жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу құжаттарына қарағанда, ол букмекерлік компанияға лобби жасап, пара алған деседі. Әзірге істің құпиялығына байланысты өзге ақпараттар айтылмай келеді. Онымен бірге тағы 2 адам ұсталған. 54 Сәкен Мұсайбековтың Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметінде небәрі 9 ай ғана отырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу