Мәдениет нысандары балалар үшін ашық әрі қолжетімді болады

686

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың сапалы білім, соның ішінде қосымша білім алулары үшін барлығына бірдей жағдайлардың жасалатынын атап өтті.  

Мәдениет нысандары балалар үшін ашық әрі қолжетімді болады

Алматының білім саласы қызметкерлерінің "Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер" форумында сөйлеген сөзінде Бақытжан Сағынтаев қалада 23 мың баланы қамтитын 9 мемлекеттік музыкалық мектебінің және 8 балалар үйлерінің жұмыс жасайтынын, бұлардың оқушылар санының небәрі 9%-ын құрайтынын хабарлады. 

"Өткен жылы мен Алатау және Наурызбай аудандарында екі көпбейінді Оқушылар үйлерін салу жөнінде тапсырма берген едім. Қазіргі кезде құрылыс жүргізу үшін жер телімдері бөлінді. Қажетті техникалық құжаттама әзірленуде. Бұл жоба МЖӘ аясында іске асатын болады. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады", – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Алға қойылған міндеттерді ҮЕҰ бірге шешу үшін 2020-2021 жылдары спорт және мәдени-көңіл көтеру мекемелеріне, мектептен тыс қосымша білім беру мекемелеріне қала балаларын жаппай тарту мақсатында "Жол картасы" жасалды. Оны іске асыруға білім басқармасынан өзге, спорт, мәдениет, қоғамдық даму, қоғамдық денсаулық басқармалары да тартылатын болады.

Қаладағы спорт, мәдениет нысандары, жастар орталықтары және басқа объектілер балалар үшін ашық әрі қолжетімді болады.

"Тек спорт саласының өзінде ғана Алатау ауданында бес денешынықтыру-сауықтыру кешенін, теннис орталығын, шаңғы трамплинінің халықаралық кешенінде жаңа нысандар салатын боламыз", – деп атап өтті қала әкімі.

Жетісу ауданында шығыс жекпе-жегіне арналған төрт спорт кешені салынған, мұнда балаларға сабақ тегін беріледі. Бұдан өзге, МЖӘ аясында жеке инвестициялар есебінен 12 мектептің спорт алаңдары қайта жасалуда.

Мәдениет саласында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 10 кітапхана- филиалдары жаңартылуда. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" аясында қала музейлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Almaty Creative Hub-тың креативті мәдениетінің Стратегиясы қабылданды.

Балалардың қолжетімді қосымша біліммен қамтылуын арттыру үшін өткен жылы мемлекеттік тапсырысты тек мектептен тыс ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар жеке секторда орналастыру ұсынылды. Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде.

"Осылайша, қаланың барлық ресурстары және қолда бар мүмкіндіктері балаларды спортпен, шығармашылықпен, өздігінен білім алуға және өздігінен дамуына кеңінен тартуға бағытталған. Бұл біздің ортақ мақсатымыз болуға тиіс", - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Форумда жаңа жағдайда оқу процесстерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтан оқуды ұйымдастыру, педагогтарды және мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен, интернетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала бақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі талқылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу