Мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбеков ұсталды

845

Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасап.  

Мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбеков ұсталды

"Мұсайбековті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызмектерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр", - деді дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері.

ҚазТАГ ХАА редакциясы ақпарат алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінді.

Мұсайбеков 2020 жылдың мамырынан бастап мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оған дейін 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, ал оған дейін – 2015 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін қазіргідей мәдениет және спорт вице-министрі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу