Мәдениет және туризм саласына кадрлар дайындайтын ЖОО-ға 25 президенттік стипендия бөлінді

444

Оның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға.

Мәдениет және туризм саласына кадрлар дайындайтын ЖОО-ға 25 президенттік стипендия бөлінді Фото: inbusiness.kz

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 25 Президенттік стипендия бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады.

Биыл Министрлікке бағынысты оқу орындарына 25 Президенттік стипендия бөлінді. Оның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға.

Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4, Қазақ ұлттық  өнер университетіне – 12, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4, Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4 Президенттік стипендия бөлінді. Ал, магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық  өнер университетінің магистратурасына берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу