МАЭК мәселесіне қашан нүкте қойылады?

398

Бірнеше күн кестемен ғана жарық беріліп келген Маңғыстауда электр энергиясына қойылған шектеулер алынды.

МАЭК мәселесіне қашан нүкте қойылады? Фото: Ашық дереккөзден

МАЭК-тегі істен шыққан нөмірі 1-ші энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталған. Тұрғындарға жарық берілгенімен, бұл мәселеге нүкте қойылды деген сөз емес, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарапшылар мұнай кен орындарын қып-қызыл шығынға батырып, ел экономикасын ауқымды кірістен қаққан кәсіпорынды әкімдік балансынан алу керек деп отыр. Бұл ретте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен сарапшылар пікірі екіге жарылды.

МАЭК-ке қатысты сарапшылар пікірі әлі толастар емес. Көбісі мәселені түбегейлі шешпесек, ертең кеш болады деп отыр. Энергетика саласының маманы Петр Своик соңғы болған апатты ақылға сыймайтын жағдай деп отыр. 

"Энергетикалық тұрғыдан алғанда, мұндай апат басқаруды ұйымдастырудың болмауынан! Апаттың себептерін анықтайтын комиссияның қандай нәтиже мен қорытындыға келетіні өте қызық,. Қазіргі кәсіпорын Кеңес Одағынан мұра ретінде қалған. Тиісінше, ешқандай жүйелер, механизмдер, қаржыландыру болмаған. Мұнда ескіден қалғанды пайдалану тәжірибесі ғана болды. Бұл тәжірибе аясында тариф тек инфляция деңгейіне көтеріліп, тіпті одан артта қалды", - деді энергетик Петр Своик.

МАЭК қазір облыс әкімдігінің, яғни Ноғаевтың қолында тұр. Сарапшылар болса, кәсіпорынды әкімдік балансынан алып,  "Қазмұнайгаз" немесе Самұрықтың меншігіне беру ең тиімді шешім деп санайды.

"Біріншіден, компентенция бар. Екіншіден экспертиза бар. Адами капиталы бар. Төртінші, қаржы бар. "Қазмұнайгаз" ақша, кредит алғанда Қытай банкінің алдында өзінің репутациясы мен рейтингтері жоғары. Осындай ақшаны ала алады банктен. Апаттан кейін кім ақша жоғалтты? "Қазмұнайгаз" компаниясының батыста орналасқан ірі компаниялары.  "Ембімұнайгаз", "Өзенмұнайгаз", "Маңғыстаумұнайга"з. Сондықтан, Қазмұнайгаздың қызығушылығы туу керек қой. Болашақта батыста орналасқан операторлардың жұмысын қолдау үшін МАЭК-тің жұмысын дұрыстап атқару керек", - деді мұнай-газ саласының сарапшысы Асылбек Жәкиев.

МАЭК-ке қатысты қаншама ұсыныс-талап, тілектер айтылса да, министр соның  бірінде елемей отыр. Оған салса, стансаны әкімдікте қалдыра бергенді дұрыс көреді. 

"МАЭК бойынша қазір мәселе бұл станция кімге тиесілі болатынында емес. Қазір оған облыс әкімдігі басшылық етеді. Оның үстіне кәсіби мамандар да жиналған. Мұнда мәселе осы станцияны қалпына келтіру үшін қажет бағдарламаларды қаржыландыруда", - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Кәсіпорындағы апаттың жиілеуі ең бірінші кезекте ел экономикасына кері әсер етуде. Сарапшылар соңғы апаттар салдарынан  мұнай-газ саласы 1 млрд доллардан астам қаржыдан қағылды деп отыр. Ал Халық финанс сараптамалық орталығының есебінше экономика даму деңгейі соңғы 6 айда   5,1-ден 4,8 пайызға түсіп кеткенін, бұған кәсіпорындағы апаттың да әсері болғанын айтады. 

"Шілдеде өнеркәсіптік өндіріс 5 пайызға төмендеді. Әрине, ол басқа салаларға да әсер етті. Кейін тізбек бойынша, көтерме сауда айналымының төмендеуіне әкелді. Онымен қоса, негізгі капиталға салынған инвестициялар азайды. Осылайша бұл кешенді проблема. Өйткені, біз экономиканың өсуін күттік. Мұның бәрі электр энергиясының шектелуіне байланысты. Бұл фактор тамызда да көрсеткіштердің төмендейтінін көрсетеді", - деді Halyk Finance сараптамалық орталығының сарапшысы Асан Құрманбеков.

Шілдедегі жағдайдан кейін Үкімет кәсіпорында жаңғыртуға резервтен 5 млрд теңге бөлді. Араға 1 ай салмай апат қайта қайталанды. Енді 6 күн дегенде кәсіпорындағы 1-ші энергоблок жөнделген. Бірақ әлі екіншісі бар. Жергілікті билік бір күннен кейін оны да қалыпқа келтіреміз деп сендіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу