МАГАТЭ Иранға қарсы жаңа қарар қабылдады

125

Құжатта парсы елінің ядролық саладағы міндеттерін орындамай отырғаны жазылған.  

МАГАТЭ Иранға қарсы жаңа қарар қабылдады Фото: iaea.org

Тиісті құжат ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты. 

Бұдан өзге онда Иранға қарсы халықаралық қатаң экономикалық санкцияларды қалпына келтіру туралы да айтылған.

Бұл шектеулер ядролық бағдарламағы қатысты 2015 жылғы мәміле негізінде алынып тасталған еді. Сол кезде Иранның ядролық нысандарына бақылау жасалды және бейбіт атомды дамыту бойынша келісім болған.

Бірақ 2018 жылы президент болған Дональд Трамп ол келісімді бұзып, Иранға санкция салды. Бұған қарымта ретінде Тегеран келісімнің кейбір тармақтарын орындаудан бас тартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу