МАГАТЭ КХДР-дың ядролық сынақ жүргізу туралы жоспарын жариялады

431

Агенттік КХДР-дың 2017 жылдан бергі алғашқы ядролық қаруды сынауға дайындалып жатқанын байқаған.  

МАГАТЭ КХДР-дың ядролық сынақ жүргізу туралы жоспарын жариялады Фото: REUTERS

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Солтүстік Кореяда ядролық қарудың кезекті сынағы болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұл туралы МАГАТЭ директоры Рафаэль Гроссиге сілтеме жасай отырып, AFP агенттігі хабарлады.

КХДР-дың ядролық жарылыс жасауға дайындығы барған сайын анық біліне бастады, деп ескертті Гросси.

"Біз жарылысқа дейін жетпейді деп үміттенеміз, бірақ олардың әрекеттері, өкінішке орай, керісінше пікір тудырып отыр", – деді ол.

Агенттік сарапшыларға сілтеме жасай отырып, бұл жолы Солтүстік Корея тактикалық ядролық қаруды сынақтан өткізуі мүмкін екенін жеткізді. Оның ауқымы мен күші стратегиялық ядролық қарудан едәуір төмен болғанымен, оны бүкіл континентте қолдануға болатынын хабарлады.

Соңғы айларда Солтүстік Корея ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті зымырандарды бірнеше рет сынақтан өткізді, ал қыркүйектен бастап мұндай сынақтар жиілігі артып келеді. Қыркүйек айында Гросси КХДР-дағы Пунгери ядролық полигонының жұмыс істеп тұрғанын, ядролық сынақтар жүргізуге дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар МАГАТЭ мәліметтері бойынша, Солтүстік Корея Йонбендегі ядролық нысандарда құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Онда 5 мегаватт реактордың жұмыс істейтін көрінеді.

Қыркүйек айында КХДР сыртқы шабуылдан қорғану үшін пайдалануға мүмкіндік беретін ядролық қару туралы заң қабылдап, өзін ресми түрде ядролық держава деп жариялағаны белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу