МАГАТЭ миссиясы ЗАЭС-ке аттанды

406

Ол станцияда бірнеше күн болады.

МАГАТЭ миссиясы ЗАЭС-ке аттанды

МАГАТЭ миссиясы Киевтен Запорожье АЭС-на жағдайды зерттеу және тұрақты өкілдігін құру үшін аттанды. Бұл туралы Киевте өткен брифингте МАГАТЭ Бас директоры Мариано Гросси мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз алты ай өткеннен кейін бұған қол жеткізіп отырмыз. МАГАТЭ Запорожьедегі АЭС-қа барады. Өздеріңіз білетіндей, біздің ол жердегі міндетіміз – жағдайды мүмкіндігінше тұрақтандыруға көмектесу, жұмыстың жалғасуын қамтамасыз ету", – деді ол.

МАГАТЭ басшысы бұл миссияның станцияда бірнеше күн болатынын, сапар қорытындысы бойынша есеп берілетінін айтты.

Гроссидің айтуынша, ұйым станцияда тұрақты өкілдік орнатуды жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу