Магистратура білім беру гранттарын тағайындауға қатысты комиссия отырысы өтті

171

Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданған.  

Магистратура білім беру гранттарын тағайындауға қатысты комиссия отырысы өтті Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

"Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"", – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2026 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу