Мағзұм Мырзағалиев: Көкшетаудың Кемпіртасына шығуға тыйым сала алмаймыз

1328

Министр БАҚ-тың ұсынысынан бас тартты.

Мағзұм Мырзағалиев: Көкшетаудың Кемпіртасына шығуға тыйым сала алмаймыз

Көбейтұздағы шулы жағдайдан кейін кейбір БАҚ өкілдері Көкшетаудағы Кемпіртастың үстіне шығып, суретке түсетіндерге де тыйым болу керек деген ұсыныс айтқан болатын. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл бастаманы құптамайтынын жеткізді.

"Мен ондай ұсынысты қолдай алмаймын. Өйткені азаматтарымыздың табиғат аясына шығып, елімізді әйгілеген ең көрікті жерлерде демалуға құқығы және мүмкіндігі болуға тиіс деп есептеймін. Сонымен бірге табиғи нысандардың ахуалына мұқият мониторнг жүргізіп отыру қажет. Көбейтұзға ұқсас жағдайлар болса, тыйым салуға тура келеді. Өйткені табиғи байлығымызды сақтап, ұрпаққа табыстауымыз керек", – деді ол брифинг барысында.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу