Махачкаладағы жарылыс: Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

394

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Махачкаладағы жарылыс: Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

– Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу