Майқайың кен орнын қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті

320

Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Майқайың кен орнын қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Майқайың алтын кенішіндегі ойық түбін қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Телеграмдағы каналында жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"4 қаңтардан бастап "Майқайың-алтын" АҚ кеніш аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын эксковатормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда" деп жазды облыс басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу