Майқайың кентінде құбырда апат болды

253

Аталған дерек бойынша жедел штаб құрылды.

Майқайың кентінде құбырда апат болды Фото: pavlodarnews.kz

Майқайың кентінде су құбырында ақау анықталды. Аталған дерек бойынша Асайын Байхановтың қатысуымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентіне диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Ақау учаскесі "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 км қашықтықта орналасқан.

Жағдайға байланысты жедел штаб ұйымдастырылды. Ол жерде аймақ басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД басшысы бар. 

"Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК күштерімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ сол жерде Павлодар облысы ТЖД және "Майқайың-алтын" АҚ мамандары жұмыс істеуде", – деді облыс әкімдігінде. 

Майқайың кентінің тұтынушылары – тұрғындар судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізілуде. Анықталған ақау жойылғаннан кейін толыққанды беру қайта басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу