Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды

123

Қайтыс болғандар қызы мен әкесі екені анықталды.

Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды Фото: egemen.kz

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жер үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жер үй елді мекендегі "Площадка" шағынауданы аумағында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай, марқұмдардың мүрдесі үйде ұзақ уақыт жатып қалған. Ал үйде осы уақытқа дейін қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрып келген. Басқа ақпарат әзірше жарияланбады.

– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу