"Майқайыңзолото" кенішінде қаза тапқан екі адамның есімі белгілі болды

226

Тағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Майқайыңзолото" кенішінде қаза тапқан екі адамның есімі белгілі болды Фото: видеодан скрин

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов "Майқайыңзолото" кенішіндегі қайғылы оқиға болған орынға барып, қаза тапқан екі адамның есімін атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында жүрген облыс әкімі Асайын Байханов екі құтқарушының денесі табылғанын және олардың аты-жөнін анықтағандарын айтты. Олар Сарқыт Берліқан, 23.10.1999 жылы туған және Олег Тышкевич, 18.09.1970 жылы туған.

"Тағы екі құтқарушыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Топырақтың құлау қаупіне байланысты жұмыстар күрделене түсуде", - деді әкім.

Айта кетсек, 4 қаңтар түнгі сағат 01:25 шамасында "Майқайыңзолото" АҚ-ның шахтасының маңында жолаушылары бар автобус тазарту кеңістігіне құлады. Автобуста 4 адам болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу