Маймыл шешегі дертінің емі табылды

1258

"Тековиримат" адам шешегі вирусының көбеюін тежейді, оны маймыл шешегін емдеу үшін қолдануға болады.

Маймыл шешегі дертінің емі табылды

Бұрын АҚШ елінде шешек ауруын емдеу үшін жасалған "тековиримат" деп аталатын дәрі маймыл шешегін емдеуге жарайтын болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Біздің әріптестеріміз маймыл шешегі вирусының таралу жолын зерттеп жатқан кезде, біз осы ауруды емдеу үшін бұрын қандай препараттардың қолданылғанын тексердік", – деді Ұлыбританиядағы Ливерпуль университетінің ғылыми қызметкері Хью Адлер.

Оның айтуынша, 2018 және 2021 жылдары аралығындағы деректерді талдау нәтижелері бойынша мамандар екі негізгі препараттың, яғни "бринцидофовир" мен "тековириматты" деп аталатын дәрілердің қолданылғанын анықтады. Біріншісі желшешекке қарсы қолданылса, екіншісі АҚШ үкіметінің биологиялық қаруды қолдануға қарсы күрес бағдарламасы бойынша жасалған.

"Тековиримат" адам шешегі вирусының көбеюін тежейді, ал "бринцидофовир" айтарлықтай тиімді емес болып шықты. Сонымен қатар "тековириматтың" жанама әсер жоқ және науқастың тез сауығуына ықпал ететіні белгілі болды. Адлердің айтуынша, бақылау нәтижелері бұл дәрі-дәрмекті маймыл шешегі вирусымен күресу үшін қолдануға болады.

Табиғат Нұрболат

Фото: hindustantimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу